1.09.2022, 18:45
Оқылды: 64

Бірінші сыныпқа полициямен...

Бүгін Білім күні мерекесі қарсаңында Сырым ауданында ерекше акция өтті.

25

Сырым аудандық полиция бөлімі ұжымындағы қызметкерлерінің бірінші сыныпқа аяқ басқан балаларын үйлеріне барып құттықтап, білім әлеміндегі қадамдарына сәттілік тілеп, оқу құралдарын сыйлады.

26

- Полиция – қоғам үшін тәртіп пен тыныштықтың қорушысы болса, ұрпағы үшін асыл әке, ардақты ана. Жанұялық құндылықтар түгенделмей, қоғамға еткен қызметтің игілігі болмайды. Міне, біз сондықтан да бір кезек әріптестеріміздің бүлдіршіндеріне көңіл бөліп, қуантқымыз келді. Олар өздерінің погон таққан әкелерімен, аналарымен мақтана алады - дейді Сырым аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Ербол Әлімбекеров.

Қызықты әрі мәнді бастаманың арқасында бүгін 7 бүлдіршінді мектепте полицейлер шығарып салды.

Бауыржан Ширмединұлы,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале