10.08.2018, 12:11
Оқылды: 53

Бірлік тұрғындарын жұмыссыздық мәселесі мазалайды

Жаңақала ауданының аудан әкімі Наурызбай Қарағойшин жұмыс сапарымен Бірлік ауылдық округінде болды.

жвңақала тұрғындар (2)

             Ауыл тұрғындарын жеке қабылдап, көкейкесті мәселелеріне құлақ түрді. Қабылдауға жазылған 3 тұрғынның  мәселесі де жұмыссыздық.

            Ауылдағы жұмыссыздықтан қажыған олар аудан басшысына үміттене қарайды.  Кездесуде аудан әкімі ауылдық округ әкіміне босаған жұмыс орындарын қадағалауды тапсырып, сол орынға ең алдымен мұқтаж жандардың орналасуы керектігін айтты.

            Мұнан кейін Бірлік ауылдық мәдениет үйінде дөңгелек үстел өтіп, мал азығы, ауыз су, жол секілді күн тәртібінен түспейтін  түйткілді мәселелер талқыланды.

Қ.ҚҰМАРОВ,

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале