Бөкей ордасы ауданына қарасты Бисен ауылында толықтай модернизациядан өткен жаңа кітапхана ашылды.
Бұл нысанның ашылуына «Тана» қоғамдық қорының жоба менеджері Динара Сейтқалиева және Жұбан Молдағалиев атындағы облыстық орталық әмбебап ғылыми кітапхана директоры Шолпан Оразаева арнайы келіп қатысты.
Аталмыш жұмыстар «Ауыл кітапханаларын модернизациялау» жобасы аясында іске асқан. Ал жоба үйлестіруші және бастапқы идея авторы «Тана» қоғамдық қоры болып табылса, жүзеге асыруға БҚО әкімдігі және «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры атсалысқан.
Кітапхананың ашылу салтанаты барысында аудандық мәдениет, тілдер дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Данагүл Ғайноллина сөз алып, арнайы келген қонақтарға қош келдіңіз айтты.
Өз лебізімен ауыл ақсақалы Молдабай Минажев ағамыз да бөлісті.
Модернизациядан өткен кітапхана білім беру аймағы, музыкалық бөлім, шығармашылық шеберхана кеңестігі, IT аумағы және жас шахматшылар аймағынан құралған.
Еркебұлан Рахметолла
Бөкей ордасы ауданы