19.12.2019, 16:47
Оқылды: 71

Биыл Бәйтеректегі әкім аппаратына жеке және заңды тұлғалардан барлығы 2 685 өтініш түскен

Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Бәйтерек ауданының әкімі Асхат Шахаровтың баспасөз мәслихаты өтті.

DSCF3341

Аудан әкімінің баспасөз мәслихаты биылғы 11 айдағы жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қаралу жайында болды.

2019 жылдың 11 айында аудан әкімі аппараты мен дербес бөлімдерге және ауылдық округ әкімдіктеріне жеке және заңды тұлғалардан барлығы 2685 өтініш келіп түскен. Соның 72-сі қанағаттандырылған болса, 1 323 өтінішке заңға сәйкес түсінік беріліп, 650 өтініш тиісті мекемелерге жолданған.

Аудан басшысының айтуынша, тұрғын үй, жер, еңбек қатынастары, білім беру, құрылыс, ауыл шаруашылығы мәселелеріне қатысты өтініш көп келіп түскен . Мұның сыртында есепті мерзімде аудан әкімінің өз атына жеке және заңды тұлғалардан 955 хат келіпті. Оның барлығы да жеке қаралып, 41 өтініш шешімін тапса, 573-не түсініктеме берілген. Ал қалған 340 өтініш тиісті орындарға жолданыпты.

-Күні бүгінге дейін Бәйтерек ауданы әкімінің аппараты 18 ашық әкімдік шарасын ұйымдастырды. Оған 433 тұрғын қатысты. Ашық әкімдікке келген барлық азаматтарымыздың мәселелері бойыншы заңға сәйкес түсініктемелер беріліп, орындалуын қадағалап келеміз, - деген Асхат Берлешұлы баспасөз мәслихатына келген тілшілердің сұрақтарына да жауап берді.

Түгелбай Бисен

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале