29.11.2022, 16:15
Оқылды: 21

«Біз – бақытты баламыз!»

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өскелең ұрпаққа жол ашу үшін барлық жағдайды жасау қажеттігін айта келе, 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялаған болатын. Осы орайда, жыл басынан бері атқарылған жұмыстарды қорытындылау мақсатында «Біз – бақытты баламыз» атты мерекелік шарасы ұйымдастырылды.

IMG_7602

Шыңғырлау аудандық 5 бөбекжай бүлдіршіндерінің қатысуымен өткен шара ең алдымен аудан әкімінің орынбасары Азамат Бисембаевтың құттықтау сөзімен басталды.

Азамат Тәңірбергенұлы өз сөзінде баршаны балалар жылымен құттықтап, аудан көлемінде атқарылған жұмыстарға тоқталып өтті. Ал аудандық білім беру бөлімінің басшысы Қуаныш Есенов аудандық бөбекжай меңгерушілеріне алғысхаттар табыстады.

IMG_7581

Салтанатты жиында жүзге жуық баланың бір мезетте хор орындауы, танымал мульфильмдердің кейіпкерлеріне «енген» тәрбиешілерімен бірге би билеуі, ән айтып, жаттығу жасауы – баршаға мерекелік көңіл күй сыйлады. Өнерлі де сүйкімді бүлдіршіндердің тамаша өнерлері көпшілікті тәнті етті.

IMG_7588

Мерекелік шараның соңында «Аманат» партиясы Шыңғырлау аудандық филиалының атқарушы хатшысы Азамат Тағаниязов демеушілік танытқан азаматтардың атынан балаларға сыйлықтар ұсынды.

Аман Сағи,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале