10.11.2022, 15:31
Оқылды: 31

“Бизнес Бастау” жобасымен грант алды

Сырым ауданы әкімі Төлеген Төреғалиевтің қатысуымен Аралтөбе ауылдық округінің әкімі Әділхан Мұхитовтың халықпен кездесу жиыны өтті.

image-10-11-22-10-26-5

Округ әкімінің берген мәліметіне сүйенсек, биылғы жылы “Санжар” шаруа қожалығы 30 бас асыл тұқымды аталық мал және 34 бас асыл тұқымды аналық мал сатып алып, жұмыстанып жатыр.

Тұрғындардың өзін-өзі қамтудың бірден-бір жолы - кәсіпкерлікпен айналысу. Аталмыш округте “Бизнес бастау” жобасы арқылы 4 азамат қашықтан оқып, сертификат алып, қайтарымсыз грантқа өтініш берді. Нәтижесінде, сүт белдеуі және “Менің аулам - менің бағым” бағыттары бойынша үш азамат 1 225 200 теңге грант алды.

image-10-11-22-10-26-4

Округте ресми тіркелген 61 жұмыссыз азамат бар болса, олар бүгінгі күнге дейін 118 рет қоғамдық ақылы жұмысқа тартылды.

image-10-11-22-10-26

Ауылда “Тәтті” және “Минимаг” азық түлік дүкендері арқылы атаулы әлеуметтік көмек алатын, жалғызбасты, көпбалалы отбасыларға жұма сайын тегін нан тарату дәстүрлі түрде жалғасын тауып келеді.

Аудан әкімі Төлеген Серікқалиұлы Аралтөбе округіне барған сапарында жаңадан бой көтерген тігін цехының да құрылыс жұмыстарымен танысып қайтты.

Айжан Бауыржанқызы,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале