20.08.2020, 17:43
Оқылды: 59

БҚО әкімінің бірінші орынбасары Тасқаладағы құрылыс нысандарын қадағалады

Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары М.Манкеев пен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысы Р.Ақмырзаев Тасқала ауданында жұмыс сапарымен болды.

Mankeev (4)

 

Меймандар, алдымен, аудан әкімдігінде болып, жақында ғана іске қосылған «Ашық әкімдік» алаңымен танысты. Мұнда ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың  «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында азаматтардың сұраныстарын мемлекеттік қызметшілер жедел және сапалы қарастыруы қажет. «Ореп space» форматындағы «Ашық әкімдік» алаңында 38 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіліп, әртүрлі сұрақтарға жауап берілетін болады.

Mankeev (2)

Облыстан келген өкілдер М.Мәметова, Абай көшелеріндегі көше жарығын қайта орналастыру жұмыстарын көрді. Осы жылы республикалық бюджеттен 105 864 000 теңге көлемінде қаражат бөлініп, «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында аудан орталығындағы Абай, С.Жақсығұлов, М.Мәметова, М.Шамов, А.Скоробогатов пен С.Сапаров атындағы көшелер бойындағы көше жарықтарын қайтадан жарықтандыру бағытында істелініп жатқан жұмыстармен танысты. Бұл құрылыс жұмыстарына "Құрылысконсалтинг" Ұлттық орталығы" акционерлік қоғамы мердігерлік етуде. 20 шақырымға жуық электр сымы, 276 темір бетонды бағаналар мен 4 кешенді трансформаторлар станциясын орнату бағытында жұмыстар жүруде. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуге 15 жергілікті ауыл тұрғындары тартылған.

 

Үстіміздегі жылы Тасқала ауданында жол құрылысы қарқынды. Аудан орталығының өзінде 28 көше мен 3 шағын ауданға жаңадан жол салынып, асфальт төселуде. Бұл құрылыс нысандарының жұмысы толық аяқталған кезде аудан орталығы 80 пайыз қатты жабынды жолмен қамтамасыз етілетін болады. Облыс әкімінің бірінші орынбасары бастаған топ жол құрылысы барысымен және жұмыс сапасымен танысты.

Mankeev (5)

Сонымен бірге олар ауданда бой көтеріп жатқан бизнес орталығында болып, 320 көрерменге арналған дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысын да көрді.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале