19.08.2020, 12:07
Оқылды: 92

БҚО әкімінің орынбасары Шыңғырлаудағы құрылыс жұмыстарын бақылап қайтты

Биыл Шыңғырлау ауданына қарасты бірнеше ауылдық округтерде құрылыс жұмыстары басталған болатын. «Өңірлерді дамыту», «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» аясында жүргізіліп жатқан жұмыстардың қайсыбірі аяқталуға таяу қалса, енді бірі қарқынын үдете түсуде. Ауданымызға арнайы келген облыс әкімінің орынбасары Тимуржан Шәкімов ісспарын Ақшат ауылдық округінде күрделі жөндеу жұмысы аяқтала келген А.Тихоненко атындағы орта мектептен бастады.

Shyngyrlau (2)

Мектепке күрделі жұмысты жүргізуді қолға алған «Жиенбай» ЖШС учаске бастығы А.Тебилов бүгінгі таңдағы жұмыс барысы, нысанды уақытында тапсыру, барлық стандарттардың сақталуы, заманауи технологиялардың іске қосылуы тұрғысында кеңінен мәлімет берді.

Тимуржан Әдиетұлы осы ауылдағы Мұхамбетов көшесіндегі автокөлік жолына күрделі жөндеу жүргізіп жатқан «Айдана» ЖШС-нің жұмысымен танысуды да жөн көрді. Жолға жасалып жатқан күрделі жөндеу халыққа ұзақ жылдар бойы қызмет етуі үшін ең алдымен техникалық шарттардың мүлтіксіз орындалуы қажеттігін қадап айтты.

Shyngyrlau (3)

Ақбұлақ ауылдық округіне ат басын бұрған облыс әкімінің орынбасары жаңадан бой көтерген мәдениет үйінің жұмысын аралап қарады. Мердігер болып танылған «Реал Техно» ЖСШ басшысы Алексей Римарьға құрылысты уақытында тапсыру, барлық талап етілетін нұсқаулықтарды орындау қажеттігін еске салды.

Shyngyrlau (6)

Аудандағы көп жылдар бойы күрделі жөндеу жұмысын қажетсініп тұрған «Дән» мәдениет үйінде де құрылыс жұмыстары қарқынды жүруде. Осы нысанға аялдаған облыс әкімінің орынбасары жұмыс барысымен танысып, Тасмағамбетов көшесіндегі жолдың жөнделуіне де назар аударды.

Shyngyrlau (7)

Нысандарды аралап бірде кеңес беріп, бірде ескерту айтқан облыс әкімінің орынбасары Т.Шәкімов жұмысты сапалы жүргізу, қаржыны мақсатты жұмсау, белгіленген уақыттан кешікпеу, ең бастысы қай ғимараттың да халық игілігіне ұзақ жылдар қызмет етуіне жетісу қажеттігін ерекше атап өтіп, барлық құрылысшыларға өнікті тірлік, ұйымдасқан жұмыс нәтижесін тіледі.

                                                                                  Гүлшат Ибрагимқызы,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале