11.01.2018, 15:15
Оқылды: 78

БҚО-ның Шыңғырлау ауданы газбен 100 пайыз қамтылды

Батыс Қазақстан облысының Шыңғырлау ауданының елді мекендері түгелдей газ құбырына қосылды. Аталмыш ауданның ең шалғай және көгілдір отынға қосылмай тұрған соңғы елді мекені Ақсуат ауылына газ жіберіліп, тұрғындар қуанышы еселенді. 

Ақсуаттық ағайынның бұл қуанышын бірге бөліскен аудан әкімінің орынбасары Тілепберген Каюпов Елбасы тапсырмаларынан туындап отырған нақты жоспарлы қадамның бірі осы ауқымды жұмыс болғанын және оның нәтижелі аяқталып, халық игілігіне берілуін атап өтті.

Аталмыш ауылға газ құбыры көршілес орналасқан Сырым ауданынан тартылды. Ауқымды жұмысты облысымыздың «Алия-Сервис»ЖШС орындап шықты.

Замана жетістігі мен ел дамуының жарқын көріністеріне куә болып отырған бек қуанышты ақсуаттықтар ел басшыларына алғыс білдіруде.

Қаршыға Елемесов

Шыңғырлау ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале