10.06.2020, 10:57
Оқылды: 94

Бөкей ордасы ауданы әкімі жөнделіп жатқан әлеуметтік нысандарды аралады

Бөкей ордасы ауданы әкімі Нұрлан Рахымжанов мен орынбасары Біржан Меңешев аудан орталығында күрделі жөндеу жұмыстары жүзеге асып жатқан нысандарға арнайы барып, жұмыс барысымен танысып өтті.

Orda

Біржан Меңешевтің айтуынша, М.Мәметова атындағы мектеп жұмыстарына "Ауыл – ел бесігі" бағдарламасы бойынша 268 млн. ақша бөлінсе, аудандық экология және туризм орталығына "Жұмыспен қамту жол картасы" бағдарламасы арқылы 84 млн. ақша қарастырылған екен.

Мектептің жөндеу жұмыстарына "ЭНЕРГИЯ" ЖШС жауапты болса, туризм орталығындағы жұмысты "ИНГОСТРОЙ" ЖШС-ы жүзеге асыруда. Мұнда жергілікті жұмыспен қамту орталығы арқылы 17 азамат жұмысқа тартылған екен.

Сонымен қатар аудан басшысы аудандық ішкі саясат ғимаратының жөндеу жұмыстарымен танысып өтті.

Жұмыс сапары барысында Нұрлан Рахымжанов М.Мәметова атындағы жалпы орта білім беретін мектебі және аудандық ішкі саясат ғимаратында ұйымдастырылып жатқан жұмыстар көңілінен шыққанын, ал туризм орталығындағы жұмыстың баяу өтіп жатқанын айтты.

Еркебұлан Рахметолла

Бөкей ордасы ауданы

 zhaikpress.kz

 Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале