23.04.2024, 23:05
Оқылды: 49

Бөкей ордасы ауданында қызметтік көліктер табысталды

1 мамыр – Қазақстан халқы бірлігі күні қарсаңында Бөкей ордасы ауданына қарасты Саралжын ауылдық округі әкімі аппаратына және «Орда» спорт клубына қызметтік автокөліктер табысталды.

IMG-20240423-WA0080

Аталмыш жиынға тиісті мекеме қызметкерлері қатысса, аудан басшысы Нұрлыбек Даумов, аудандық мәслихат төрағасы Лариса Қайырғалиева, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Тілеген Арыстанбеков және ауданның құрметті азаматы Меңдібай Қаресов арнайы шақырылды.

IMG-20240423-WA0081

Табыстау рәсімі барысында аудан әкімі Нұрлыбек Даумов:

- Ауданымызда спорт саласының материалдық базасын жаңартып, бұқаралық спортты өркендетіп, жаңа чемпиондар шыңына шығатын пирамидаға айналдыру назарға алынды. Сонымен қатар, елді мекендегі мәселелердің жүйелі түрде жүзеге асуын, ауыл шаруашылығы, шаруашылық жұмыстарын жүргізуі үшін, сондай-ақ төтенше жағдайлардың өрт қауіпсіздігін алдын алу мақсатында жұмыстанған болатынбыз. Жоғарыда аталған жоспарларды іске асыру барысында, биылғы жылы аудандық бюджеттен автокөліктер сатып алу үшін тиісті қаражат бөлінген еді.

IMG-20240423-WA0082

Нәтижесінде «Бөкей ордасы ауданы әкімі» аппаратының ұйымдастыруымен мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізіліп, конкурс қорытындысында «Параллель-ТС» ЖШС жеңімпаз атанып, «Орда» спорт клубына спортшыларды тасымалдауға арналған 16 орындық «ГАЗель» маркалы автокөлігі және Саралжын ауылдық әкімі аппаратына бортты, тентті «ГАЗель» автокөлігі сатып алынды.

Ендігі таңда, аудан тұрғындары атынан спорт жетістіктері мен ауылдардың көркеюін тілейтінімізді жеткіземін. Құтты болсын! - деді аудан басшысы.

Өз кезегінде аудандық мәслихат төрағасы Лариса Қайырғалиева көлікті болғандарға "игіліктеріңізге жарасын!" дей отырып, көліктерді күтіп ұстау керектігін де ескертіп өтті. Бөкей ордасы ауданының құрметті азаматы Меңдібай Қаресов та жылы лебіздерімен бөлісті.

Темхар Рахметолла,
Бөкей ордасы ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале