15.04.2026, 17:00
Оқылды: 148

Бөкей ордасы ауданында қазақ күресінен облыстық іріктеу чемпионаты басталды

IMG-20260415-WA0051

«Орда» спорт кешенінде қазақ күресінен 2011-2012 жылы туған жасөспірімдер арасында Батыс Қазақстан облысының іріктеу чемпионаты басталды.
Спорттық сайыстың ашылу салтанатында аудан басшысы Нұрлыбек Даумов ұлттық спорттың дамуы болашақ ұрпақ үшін аса  маңызды екенін  айтып, барша қатысушыларға сәттілік тіледі.

IMG-20260415-WA0039

Сайыстың бас төрешісі Асқар Нұрғалиев те қатысушыларға сәттілік тіледі.

IMG-20260415-WA0043

Аталмыш спорттық сайысқа өңіріміздің Бәйтерек, Бөрлі, Бөкей ордасы, Жаңақала, Жәнібек, Казталов, Қаратөбе, Сырым, Теректі аудандарының және Орал қаласы, Ұлттық спорт мектебі (Орал қаласы), Жекпе жек (Орал қаласы), Спортқа дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының (Орал қаласы) 180 жас спортшысы бақ сынауда.
Ал сайыс екі күнге созылмақ.

Еркебұлан Бисенғалиев,
Суретке түсірген автор

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале