5.06.2022, 9:40
Оқылды: 116

Бөкей ордасында 24 сайлау учаскесі өз жұмыстарын бастады

Бүгін жергілікті уақыт бойынша сағат 07.00-де Бөкей ордасы ауданы бойынша 24 сайлау учаскесі өз жұмыстарын бастады.

4614A228-ED36-49F0-9FE3-4691392C2DB8

№53 сайлау учаскесінің төрағасы Ерболат Сержанов комиссия құрамымен, жұмыс регламентімен таныстырса, еңбек ардагері Жарылқасын Өтешқалиев бүгінгі науқанның еліміздің болашағы үшін өте маңызды екенін атап өтті. Ең алғаш рет дауыс беріп отырған Бөкей ордасы колледжінің студенті Эльдар Сатқанов жастарды белсенділікпен қатысуға шақырды.

06D5FB93-6DE5-4434-A87A-AA894F8B02FF

Учаскелік комиссия сайлауға келген аға буын өкіліне, кәмелетке толып ең алғаш рет дауыс беріп отырған жас пен сайлауға ең бірінші боп келген дауыс берушіге сый-сыяпаттарын тапсырды.

– Сайлау учаскесі бойынша 955 сайлаушы тіркелген, оның 17-сі үйден дауыс бермек. Аталмыш учаскеде ең алғаш боп дауыс берген Бауыржан Ерікбаев.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале