9.11.2020, 9:24
Оқылды: 46

Бөкей ордасында ғашықтық ғазалдар шырқалды

Аудандық мәдениет үйінің қызметкерлері Рамазан Бәйбеков пен Естөре Рахметулиннің "Ғашықпын бәріңе..." атты онлайн концерті көрерменнің көңілінен шықты.

онлайн концерт

Пандемияға байланысты клуб ұжымы қайтадан онлайн жүйеде өнер көрсете бастады. Бұл жолғы ән кешіне мұрындық болған жергілікті өнерпаздар, түрлі деңгейдегі байқаулардың жүлдегерлері Рамазан мен Естөре қазақ эстрадасындағы ең танымал, яғни, хит әндерді орындап, тыңдармандарын бір серпілтіп тастады. "Жолдар", "Сендей ару жоқ", "Қайдасың, ғашығым?..", "Сағындым сені" т.б. әуендерді қос әнші де жанды дауыста шырқады.

Айта кетелік, онлайн концерттің нұсқасы аудандық демалыс орталығының фейсбуктегі парақшасына сақталған және 500-ден астам адам тамашалап, өз бағаларын беруде.

Арайлым Есмағұл,

Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале