2.10.2018, 12:37
Оқылды: 71

Бөкей ордасында музыка күніне орай кеш өтті

Бөкей ордасы аудандық мәдени демалыс орталығында 1 қазан – Бүкіләлемдік музыка күніне арналған «Музыка – сезімдер мен көңіл-күй әлемі» атты фортепиано сыныбының мұғалімі Самал Рахымжанова мен аудандық балалар саз мектебі оқушыларының шығармашылық кеші өтті.

IMG_4989

Кеште Айым мен Сезім Хамидолла Иршайдың «Слон-Бостон», Аққу Ертарғын Жаяу Мусаның «Ақ сиса», Мәдина Оразғалиева Ахмет Жұбановтың «Қарлығаш», Жандос Сәрсенбаев Чайковскийдің «Танец лебедей», Самал Рахымжанова, Айым Хамидолла Людвиг Бетховеннің «К Элизе» әндерін фортепианода орындап, көрермендердің қошеметіне бөленді.     «Самал сұлулары» бишілері Серік Ибрагимовтың «Жаяу» әнін шырқай жүріп, мың бұрала биледі. Құрманғазының күйі «Балбырауынды» Бақтияр Қалқаман мен Балайна Хамидолла домбырамен орындаса, Аянат Шынболатқызы фортепианода сүйемелдеді. Үйірме ұстаздары Ермек Шарипов, Жасмина Қабденғалиева, Айым Хамидолла, Самал Рахымжановалар рио-рито орындады.

Шара соңында мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт басшысы Әлібек Айтқалиев жиналғандарды қариялар және музыка күнімен құттықтап, кеш иелеріне ризашылығын білдірді. Ал аудандық саз мектебінің фортепиано сыныбының мұғалімі Самал Ғалымқызына мәдениет саласына үлес қосып жүргені үшін алғыс хат пен естелік сыйлық табыстады. Аудандық саз мектебінің директоры Қуаныш Дүйсекешев шығармашылық кеш иесіне алғысхат берді.

– Бұл мерекенің мақсаты – қоғамда музыкалық өнердің насихатталуы және ең бастысы – халықтар арасындағы мәдени эстетикалық құндылықты көрсету. Ән – қанатыңды қатайтып, көңіліңді көтереді. Жүректен шығып, жүрекке жетеді. Музыка – адамды сүю мен жақсы көруге итермелейтін ғаламат күш. Міне, менің шәкірттерімнің бойында осы қасиеттердің барлығы бар. Осы кеште қолдау көрсеткен әріптестеріме, шәкірттерім мен ата-ана, ұстаздарға ризашылығымды білдіремін,-деді Самал Рахымжанова.

Кеш ордалықтардың ұранына айналған жерлесіміз, ақын Қ.Әлесовтың «Орда – туған мекенім» әнімен қорытыланды.

Айша ҚҰРМАШ,

Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

IMG_4934 IMG_5021

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале