1.02.2018, 12:21
Оқылды: 70

Бөкей ордасының шаруалары ескі техникаларын жаңартуда

Бұл жайлы Бөкей ордасы ауданы әкімі Нұрлан Рахымжановтың аудан тұрғындары алдында есеп беру баяндамасында айтты. Есептік жиынға облыс әкімі Алтай Көлгінов қатысты.

Былтыр 288 млн. 821 мың теңге лизингке 33 трактор, 33 ауыл шаруашылық техникасы алынған. Ал кейбір шаруалар өз қаржысына 9 техника сатып алған.

- «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы аясында 3 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылды. «Береке», Игілік» бағдарламаларымен несие алған 62 адам 184 млн. 250 мың теңгеге 866 бас ірі қара мал сатып алды.

Ауыл шаруашылық кооперативінің бірі модульды мал сою пунктін салуға жұмыстанса, «Әдемі» шаруа қожалығы рефрижератор алуды жоспарлауда.

Ветеринарлық іс-шаралар жоспарға сай  жүргізілсе де бруцеллезге шалдығу көрсеткіші мүйізді ірі қарада 1,4% (1105 бас), ұсақ малда тек 7 бас. Бұл көрсеткіш алдыңғы жылдардан едәуір төмен,-дейді аудан әкімі баяндамасында.

zhaikpress.kz

Сурет Айбатыр Нұраштікі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале