7.08.2020, 12:05
Оқылды: 36

Бөкейлік дәрігерлер - баннерде

Әлем халқын әбігерге салған пандемиямен күресте ақ халатты абзал жандардың  еңбегі өлшеусіз екені аян. Біздің аудан көлемінде де дәрігерлер қауымы індеттің алдын алу және таралуына жол бермеу мақсатында жоғары жауапкершілікпен, кәсіби біліктілікпен еңбек етіп жатыр.

2D9330C3-352C-4ED8-84BB-60C1E8B44A61

"Мың алғыс Сізге дәрігер" акциясы аясында аудан әкімдігінің қолдауымен коронавирус жұқпасын еңсеруге атсалысқан аудандық аурухананың бір топ медицина қызметкерлеріне, нақтырақ айтсақ провизорлық бөлімшенің ұжымына арнайы баннер ілінді. Науқастардың өмірі мен денсаулығын сақтау үшін күндіз-түні тер төгіп, Гиппократ антына адалдық танытқан жерлестерімізге алғыс айтамыз.

25A804CC-342F-46C2-9C02-0B7E38FDE19F

Бұдан өзге де сақтық шараларын, індеттің алдын алуға үгіттейтін насихат мақсатындағы да баннерлер ілінді.

Раушан Бақытова,

Бөкей ордасы ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале