7.04.2021, 12:16
Оқылды: 31

Бөкейлік Ербол жүлдемен оралды

Бөкей ордасына қарасты Бисен ауылының тумасы Ербол Бақытов Алматыда муай-тайдан өткен Қазақстан Республикасы кубогында жүлделі үштіктен көрінді. Ербол өзі жаттығатын "Абырой" жекпе жек клубының ғана емес, тұтас ауданның абыройын асырды. Тайлық бокстың бұл түрімен айналысқанына тоғыз ай болған Ербол кіл мықтылардың шын мықтысы анықталған аламанда ІІІ орын иеленді.

ербол ерледі (1)2

Ербол бұған дейін кудодан, ММА-дан облыс чемпионы атанған.

Муай-тай да, кудо да – тай боксының бір түрі. Муай-тай бостандықтың күресі, көп жақты күрес дегенді білдіреді. Тай боксының заманауи нұсқасында спортшылар қол, шынтақ және тіземен ұрады.

Чемпионның тренері Мұхаммед Құрманалиев: "Ербол аз уақытта жоғары жетістік көрсетіп отыр. Шәкіртімде чемпионға тән табандылық, қажыр-қайрат бар. Алар асу, бағындырар биігі әлі алда деп сенемін", - дейді шәкіртінің жеңісіне марқайып.

Анар Артықбай,

Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале