17.12.2020, 0:02
Оқылды: 48

Бөкейлік механизатор орденмен марапатталды

Желтоқсанның 14-інде облыс орталығында Х.Бөкеева атындағы қазақ драма театрының төрінде өткен салтанатты шарада бисендік механизатор Нұржан Ғаббасов еңбегі еленіп, ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» орденімен марапатталды.

E6B4537C-1A9D-48C4-9682-C3DA2B8B07B1

Аталмыш шарада жиналғандарды айтулы мерекемен құттықтаған өңір басшысы Ғали Есқалиев 130 қазақстандық кәсіпорын жабылғанын, соның салдарынан жұмыссыздар қатары екі миллионға жеткен сонау тоқырау жылдарын еңсеруіміз халықтың ерен еңбегінің арқасы екенін баса айтып, еңбек адамы әр кез марапатқа лайық деді.

«Көшен» шаруа қожалығында трактор тізгіндеген ағамыз еңбекқорлығы өскелең ұрпаққа үлгі екені анық. Ендеше, елуге аяқ басқан Нұржан Ізбасарұлына мерейіңізді үстем еткен мемлекеттік награда құтты болсын дейміз.

Раушан Жанатқызы,

Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале