15.12.2020, 21:23
Оқылды: 111

Бөкейлік "Жыл үздіктері" марапатталды

Бүгін "Достық үйінде" «Жыл үздігі» жастар сыйлығының иегерлері анықталды. Түрлі сала бойынша жеңімпаз атанғандарды Бөкей ордасы ауданы басшысы Нұрлан Рахымжанов марапаттады.

670BBFB5-C8F8-44C6-BF9E-DC7555C88063

   -Ауданымызда 3418 жас бар болса, солардың 1815-і түрлі салада еңбек етеді. Республикалық, облыстық байқауларда, спорт, өнер сайыстарында жарқын жетістіктерге қол жеткізген жастарымыз бір төбе, пандемия кезінде қиындыққа мойымай, табандылық танытып, мұқтаждарға қол созған ұл-қыздарымыздың еңбегі де өлшеусіз,- дей келе арнайы диплом мен сыйлықтарды тарту етті.

AED00CF5-9834-4A23-B296-59CF577DFB2D

 "Жыл үздігі-2020" сыйлығының иегерлері 10 аталым бойынша марапатталды.

 1. Әлеуметтік аз қамтылған отбасының баласын өз қаражатына Орал қаласына емдетуге апарған жиекқұмдық Думан Баймұрат  және қайырымдылық іс-шаралардың басы-қасынан табыла білген сайқындық Ержан Ахмедияров "Үздік волонтер" аталымы бойынша марапатталды.

 2. «Жылдың жас ұстазы» аталымына М.Мәметова атындағы мектептің математика пәнінің мұғалімі,  «Просвещение» ақпараттық-әдістемелік орталығы қашықтан ұйымдастырған республикалық олимпиаданың  және мұғалімдерге арналған республикалық «Nio kz» Ұлттық интернет олимпиадасының жүлдегері Гүлдариға  Махамбетова ие болды.

 3. «Жылдың жас медицина қызметкері» аудандық аурухананың балалар мейірбикесі, науқастардың алғысына бөленген Айдана Ешекенова атанды.

 4. «Жылдың жас өнерпазы» аталымының иегері ІІ Халықаралық  «Мusic art festival»  атты шығармашылық сайыстың жүлдегері, балалар  музыка мектептері және өнер  мектептеріндегі жас музыканттардың 53-ші  облыстық  фестиваль-конкурсының  жеңімпазы Аружан Бердібекова атанды

 5. «Жылдың үздік мектеп көшбасшысы» аталымын  М-С. Бабажанов мектебінің шәкірті, облыстық, республикалық сайыстардың жүлдегері, мектепішілік «Persona grata» дебат клубының капитаны Ақырыс Романқызы жеңіп алды.

 6. «Жылдың үздік студенті» боп   Бөкей ордасы колледжінің «аспаз» мамандығы бойынша 3 курс студенті. «WorldSkills Kazakhstan» өңірлік чемпионатының жеңімпазы Диана Ахметова танылды.

 7.  «Жылдың үздік жас маманы»  аталымына Хан ордасы ауылында орналасқан «Ақбота» бөбекжайының тәрбиешісі,  «Казтест кз», «Ұстаз тілегі», «Педагог», «Мұнара кз» сынды интеллектуалдық онлайн байқауларының қатысушысы Назымгүл  Әйіпова ие болды.  

 8.  «Үздік жас әлеуметтік қызметкер» аталымын ханордалық әлеуметтік қызметкер, тыңғылықьы ісімен тұрғындардың алғысына бөленіп жүрген   Нұрбек Мақсотов иеленді.

 9. «Үздік студенттік құрылыс және еңбек сарбазы» аталымына саралжындық еңбекқор жас Бекнұр Нүресов лайық деп танылды.  Ол Бөрлі ауылындағы күрделі жөндеуден өткен М.Бегалиева атындағы орта мектептің құрылыс жұмыстарына белсене атсалысқан жандардың бірі

 10. «Үздік жасыл ел сарбазы» аталымына «Жасыл ел» сапында еңбек етіп, ауылының гүлдененуіне өзіндік үлесін қосқан Нүркен Есмұхан ие болды

 Арайлым Есмагулова,

Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале