22.07.2021, 16:40
Оқылды: 50

Бөкейліктер де маңғыстаулық ағайынға жәрдемдесуде

Әлеуметтік желілердегі төрт түліктің төресі саналған жылқылардың аянышты халі кім-кімді де бейжай қалдырмайтыны анық. Қуаңшылыққа тап болған маңғыстаулық ағайынға бөкейлік жерлестеріміз де көмек қолын созып, игілікті іске үн қосуда.

739AFD91-77B7-4075-BF63-E3DB4D500E25

"Нұрсұлу" шаруа қожалығының жетекшісі Нұрлан Мұқанов Маңғыстау қаласына қарасты "Шүкір" ауылының қожалық жетекшісінен 60 бас жылқы қабылдап, бір жыл бойына бағып беруге келісімін берді. Алдағы уақытта сол ауылдан тағы да 25 бас жылқы қабылдап алмақшы. Қайырымды істің басы-қасынан табыла білетін сайқындық  Қайрат Насимоллин де Маңғыстау өңірінен келген Фура көлігін шөпке толтырып, мал азығын тиеп жіберді.

Арайлым Марат,

Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале