8.05.2024, 17:25
Оқылды: 33

Бөкейліктер тоғызқұмалақтан топ жарды

Мамырдың 3-7-сі аралығында Бәйтерек ауданында тоғызқұмалақтан балалар мен кіші жасөспірімдер арасында классика, рапид, блиц түрлерінен Батыс Қазақстан облысының жекелей чемпионаты өтті. Жарысқа жеті ауданнан және Орал қаласынан 150-ге жуық спортшы қатысып, бақ сынады.

IMG-20240507-WA0075

Бөкей ордасы ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілері қатысып келесідей нәтиже көрсетті. Блиц, рапид пен классика бойынша тоғыз жастағы ұл балалар арасында Диас Асқарғали І орын алса, Әділхан Әділбек ІІІ орын алды.

IMG-20240507-WA0077

Ал Аружан Талғат та қыздар арасында осы блиц пен рапид, классикадан І орын иемденді. Ақнұр Хайрат он бір жастағылар арасында ІІ орын, Сайлау Хайырлиев пен Абдул Хамит он үштегі ойыншылар арасында ІІ, ІІІ орын алды. Классика бойынша он үш жас арасында Мирас Екпінов ІІ орын алса, Сайлау Хайырлиев пен Исмайл Тайров классика мен рапидтен ІІІ орын иеленді.

IMG-20240507-WA0072

Жалпы командалык есепте аудан намысын қорғаған балғын ойыншыларымыз классик, рапид, блиц түрлерінен алты алтын, үш күміс және жеті қоламен ІІ орынға ие болды.

Осы орайда тоғызқұмалақшыларымызды баптаған бапкері Рафаэль Денгизбаевтың да еселі еңбегін ескеруіміз керек-ақ. Аудан жұртшылығына ұлағатты ұстаз ретінде танымал Рафаэль Идрисұлы бұған дейін де баскетболшыларды дайындап, аудан абыройын асқақтатып жүрген мықты бапкер.

Анар Артықбай,

Бөкей ордасы ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале