29.06.2022, 9:45
Оқылды: 66

Болашақ ауылына жаңа әкім тағайындалды

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және Казталов аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 28 маусымдағы Болашақ ауылдық округінің сайланған әкімін тіркеу туралы шешіміне сәйкес Болашақ ауылдық округі әкімі тағайындалды.

IMG-20220628-WA0055
Округке сайланған жаңа əкімді активке Казталов ауданының əкімі Рүстем Зұлқашев таныстырып, Аманжол Баянғалиұлының алдағы жұмысына сəттілік тіледі.
Аманжол Баянғалиұлы Қажығалиев 1985 жылы 14 қаңтарда Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Әжібай ауылында дүниеге келді.

2008 жылы Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің «Ветеринарлық санитария» мамандығы бойынша, 2014 жылы Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша аяқтаған.
Еңбек жолын 2002-2003 жылдары «Нұр аман» шаруа қожалығының жұмысшысы болып бастайды. 2010-2016 жылдары Қошанкөл ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы.
2016-2020  жылдары Казталов ауданы ветеринария бөлімінің басшысы;
2020-2022 жылдары ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Казталов аудандық аумақтық инспекциясының бас маман-мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы;
2022 жылдың ақпан айынан бастап осы күнге дейін Казталов ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы лауазымын атқарып келді.
Отбасылық жағдайы - үйленген. Жолдасы және 3 баласы бар.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале