29.03.2024, 17:00
Оқылды: 61

Бөрлі ауданына Маңғыстау облысынан көмек келді

Бөрлі ауданы әкімінің шешімімен 28 наурыз күні аудан аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды.

су бурли 2024 мангыстау (1)

Төтенше жағдайды жою бойынша аудандық штаб құрылып, қауіпті аумақтарда әлі де тәулік бойы жұмыс жүргізіліп жатыр.

су бурли 2024 мангыстау (2)

Жергілікті атқарушы органдар мен төтенше жағдайлар күштеріне Орал қаласы және Маңғыстау облысынан жалпы 26 адамнан тұратын ТЖД тобы көмекке келді.

Олар өздерімен бірге 4 мотопомпа, 1 КУНГ, 1 газель, 2 қайық алып келген.
Мамандар құм салынатын қапшықтарды толтыруға, тасымалдауға және өзендерде жарылыс жүргізуге жұмылдырылған. Бүгін мұз кептелісінің алдын алу мақсатында Ақсу ауылының маңындағы Шыңғырлау өзенінде жарылыс жүргізілді. Жарылыстың ауданы 1000 шаршы метр. Жергілікті жерде ауданның ТЖ бөлімінің, Маңғыстау облысының ТЖД, "ЭРА БВР" ЖШС мамандары, учаскелік инспектор және жергілікті атқарушы органдардың өкілі жұмыс істеді.
Айта кетейік, тосыннан тап берген тасқын су Ақсай қаласынан өзге қала маңындағы Қызылтал, Ақсу, Кеңтүбек, Пугачев ауылдары айналдырған үш күннің ішінде лап берді.

Ресми мәлімет бойынша аудандағы 55 үйге су кірген.

Аулалары суға толып, жазғы үй, гараж, қораларын су басқандардың саны көп-ақ. Су басқан үйлерді алдын ала санау бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.
Сағат 15.00-дегі мәліметке сүйенсек, көмек сұраған 679 тұрғыннан өтініш түссе, соның 647-сіне қажетті көмек көрсетілген. Барлығы 62 430 текше мерт су сорылса, соңғы тәулікте 6 950 текше мерт су сорылды.
Ауылдар мен елді мекендерді су басу қаупі әлі де жоғары. Өйткені Шыңғырлау өзені деңгейінің күрт көтерілуі байқалады.
Ақсу ауылындағы 50 үйге су кіріп, ауылдың 192 тұрғыны мен Кентүбек ауылының 33 тұрғыны эвакуацияланғаны белгілі.

Билік өкілдері мен тұрғындар малды қауіпсіз жерге айдау үшін жұмыстанып жатыр.

Айым Нұрғалиева,
Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале