24.06.2024, 11:31
Оқылды: 95

Бөрлі ауданында ардагерлермен кездесу өтті

Бөрлі ауданында мемлекеттік қызметте көп жылдар абыройлы еңбек еткен ардагерлер жаңадан қабылданған мемлекеттік қызметкерлермен кездесті.
 013901CA-9623-48D3-991B-59DE98F42862
Мерекелік шараға шақырылған ардагерлердің қатарында Әділхан Куликешев, Мұқанғали Ақтауов, Серік Адлялиев, Жексенғали Лұқпанов, Салиха Құлманғұжиева, Шара Ғабдұлова, Жұпар Имашева, Талғат Қазжанов және Гүлмира Атаевалар бар.
Кездесуге қатысқан аудан әкімі Еркебұлан Ихсанов ардагерлер мен жас мамандарды мерекемен құттықтады.
Мерекелік шараға жиналған жас мемлекеттік қызметкерлер ардагерлерге өздерін таныстырып, қай салада жұмыс жасап жатқандарын айтты.
54832E39-2B43-4F06-A60A-E7DC782C9561
– Мен Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-да құрылыс инженері мамандығын бітірдім. Негізінен Ақжайық ауданының тумасымын. Мемлекеттік қызметке 2024 жылдың 3 маусым күні Бөрлі ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне бас маман болып келдім. Қазіргі уақытта осы бөлімнің жұмысымен танысып, қандай қызмет атқаруым керектігін біліп жатырмын. Осы салаға келуімнің себебі халыққа қызмет көрсетіп, алғашқы жұмысымды мемлекеттік қызметтен бастағым келді. Мемлекеттік қызметкер ең алдымен жауапкершілікті сезініп, халыққа сапалы қызмет етіп, олармен тығыз байланыста болуы тиіс деп ойлаймын, - дейді жас маман Санжар Айтуғанов.
Сала ардагерлері осындай жиын ұйымдастырып, зейнетке шыққан мемлекеттік қызметшілерді ұмытпай, кәсіби мереке қарсаңында құттықтап жатқан аудан әкіміне өз алғыстарын білдірді.

Шара барысында ардагерлер мен жастар арасында келісті диалог құрылып, атқарған қызметтері, 
жұмыс уақытындағы кездескен қиыншылықтарды еске түсіріп, әңгімелесті. Кездесу соңында ардагерлерге арнайы сыйлықтар табысталып, естелік суретке түсті.
Айдана Абдрахманова
Бөрлі ауданы
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале