29.03.2024, 15:45
Оқылды: 56

Бөрлі ауданында екі ауылдың тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілді

Бөрлі ауданында тағы бір ауылдың тұрғындары эвакуациялады. Тасқын судың әлегі бұл жолы Кеңтүбек ауылы тұрғындарын әбігерге салды. Қызыл судың тағы бірнеше елді мекенді басу қаупі бар.

су борли эвакуация 2024

Аудан аумағында кеше, 28 наурыз күні аудан әкімінің шешімімен табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды. Бүгінгі таңда Ақсу ауылының 192 тұрғыны мен Кентубек ауылының 33 тұрғыны эвакуацияланғаны белгілі. Малды қауіпсіз жерге айдау үшін шаралар жүргізіліп жаты. Құтқату жұмысына ТЖ және жергілікті атқарушы органдардың күштері жұмылдырылды. Су басқан үйлердің есебі жүргізіліп жатыр.

Шыңғырлау өзені деңгейдің жоғарылауына байланысты Бақтыарал, Пугачев, Бөрлі, Бумакөл ауылдарын, сондай-ақ Ақсай қаласындағы жаңа Аралтал шағын ауданын су басу қаупі бар.

Зардап шеккендер туралы ақпарат әлі түскен жоқ. Шыңғырлау өзенінде өзен арнасы бойынша су өткізу мақсатында мұз жарылып жатыр.

Бүгінгі таңда екі облыстық және екі аудандық маңызы бар жолды, барлығы төрт жолды су басу дерегі тіркеліп отыр. Әзірше облыстық жолдарда қозғалыс шектеліп тұр. Кезекшілік ұйымдастырылды.

Ақсай қаласы бойынша бүгінде тасқын суларды соруға 510 өтінім пысықталды. Соңғы тәулікте шамамен 10 мың текше метр су сорылып, 260 қап құм төселді.

Аудандық жастарымен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтағы аудан жастары мен еріктілерді тасқынға қарсы күрес жұмысына жұмылдырылған. Еріктілер қатарына жазылғысы келетіндер 8 771 213 10 74 нөміріне қоңырау шала алады.

Жергілікті билік көшіру пункттері Ақсай қаласындағы №3, 4, 6, 7 және 8 мектептерде орналасқанын еске салады. Аталған пунктер су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарды қабылдауға дайын. Су тасқынына қарсы штабтың 20-9-31, 8 777 229 14 76 телефондары тәулік бойы қоңырау қабылдайды.

Айым Нұрғалиева,

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале