18.12.2023, 12:30
Оқылды: 14

Бөрлі ауданында үздіктер марапатталды

Бөрлі ауданы әкімдігі, Ішкі саясат бөлімінің тапсырысымен, Бөрлі ауданы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қолдауымен, "Ақсай жастары" жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен 2023 жылдың қорытындысы бойынша үздіктерді марапаттауға арналаған "Жыл үздігі – 2023" кеші өтті.

IMG-20231218-WA0012

Шара мемлекеттік жастар саясатының дамуына, ауданымыздың саяси және қоғамдық өміріне белсене үлес қосып жүрген, әр сала бойынша өз мамандығының шеберлерін анықтау мақсатында жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп тұрады.

Шараға аудан әкімінің орынбасары Алтай Тоқжанов, бөлім басшылары, ауданының құрметті азаматтары, үкіметтік емес ұйым өкілдері және жылдың үздіктері қатысты.

Биылғы жылғы шараның ерекшелігіне сай жаңа аталымдар ұсынылды. Аудан әкімінің орынбасары Алтай Серғазыұлы барша қатысушыларды тәуелсіздік күнімен құттықтап, жыл үздіктеріне жылы лебізін білдірді.

IMG-20231218-WA0010

Сонымен қатар үнемі жастарды қолдауда алдына жан салмайтын, Ақсай қаласы №3 ЖОББМ директоры Ғұмар Әжіғалиевке "Жастар жанашыры" аталымын табыстады. Көктемгі су тасқыны кезінде аянбай еңбек етіп, елге жақсылығы сіңген Ерсайын Шуреев "Жыл жанашыры" атанса, Астанаға барып, кәсіптік білім алушылар арасындағы сайыста күміс жүлде еншілеген АТК колледжінің студенті Аристарх Сиротин "Жыл жаңалығы" атанды.

IMG-20231218-WA0027

Биылғы жылы аудандық әкімдік аппаратының құжаттамаалық қамтамсыз ету және өтініштер бөлімінің бас инспекторы Жангүл Шакирова "Үздік жас мемлекеттік қызметкер" атанса, полция бөлімінің аға лейтейнанты Мұрат Кубайсов "Үздік жас полиция қызметкері" болды. «Казбургаз» АҚ эконмист маманы Әли Сағынов "Үздік жас кәсіпорын қызметкері", «Мектепке жол акциясы барысында аралталдық оқушыларға қолдау білдірген, жұмысына жауапты кәсіпкер Салауат Есенов "Үздік жас кәсіпкер", республикалық «педогогикалық идеялар панорамасы» байқауынның 3-орын алған, Ақсай қаласы №2 ЖОББМ ағылшын тілі пәні мұғалімі Нияр Гаухар "Үздік жас ұстаз" аталымдарын қанжығалады.

IMG-20231218-WA0025

Бөрлі ауданындабірнеше күрделі отаны сәтті өткізіп, көпшіліктің алғысын алып жүрген дәрігер Шавхат Абдиев "Үздік жас дәрігер", Астана қаласында өткен «Рухани қазына – 2023» байқауында «Үздік маңызы бар қалалық кітапхана» аталымын жеңіп келген Айша Есенжанова «Үздік жас мәдениет қызметкері", халықаралық «Бақытты балабақша» байқауында үздік атанған Фариза Жамаладин "Үздік жас тәрбиеші" аталымдарына лайық деп танылды. "Үздік жас спортшы" аталымына күні кеше Финляндия елінің, Имарта қаласында өткен шаңғыдан жасөспірімдер арасындағы әлем кубогіне қатысып, үздік төрттіктің қатарына енген Ақсай қаласы №3 ЖОББМ оқушысы Жанерке Тудахунова, "Үздік оқушы" аталымына «Ел үміті» атты дарынды балалардың ұлттық онтологиясы» республикалық энциклопедиялық жинағына енген Пугачев МБК оқушысы Ольга Кривобокова, "Үздік оқушы" аталымына Ольга Кривобокова, "Үздік жас студент" аталымына Абай оқуларының жеңімпазы, Бөрлі колледжінің студенті Овсиенко Мария ие болды.

IMG-20231218-WA0026

Жақсылық жасауда басқаларға үлгі бола білген, ерекше балалар мен қарттарға қамқорлық танысып, жыл бойы қол ұшын созып, толағай еңбек атқарған Ақсай қаласы №3 ЖОББМ оқушыларынан құралған «Жүректен жүрекке» тобы «Үздік волонтерлік ұйым» аталымын қанжығалады. Үздіктерге марапаттарын түрлі салада жемісті еңбек еткен ауданның құрметті азаматтары табыс етті.

Іс-шара соңында аудан өнерпаздары үздіктердің құрметіне әдемі ән-шашуларын тарту етті.

Мейрамбек Сыдықов,

Бөрлі ауданы 

zhaikpress.kz 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале