18.10.2019, 17:54
Оқылды: 332

Бөрлі ауданының әкімі ауылдық округтерді аралады

Аудан әкімі Миржан Сатқанов Успен, Жаңаталап, Димитрова, Қарашығанақ, Жарсуат ауылдарында болып, ауылдардың мектептерін, мәдениет үйлерін, фельдшерлік-акушерлік пункттерін, кітапханаларын аралап, жұмыс барысымен танысты.

IMG_1158

Успен ауылынан басталған жұмыс сапары Қаракемер жерінде мал шаруашылығымен айналасып отырған «Нұр» шаруа қожалығымен, Димитрова, Қарашығанақ секілді ауылдық округтермен танысумен жалғасты.

Жаңаталап ауылының хал-жайымен танысқаннан кейін Миржан Сатқанов ауылдың қарияларымен жүздесті. Жиын барысында аудан әкімі: «Біздің бүгінгі мамыражай күніміз сіздердің өлшеусіз еңбектеріңіздің арқасы. Сіздердің тілектеріңіз бен тәрбиелеріңіз ұрпақты бақытқа бастайтын жол. Баршаңызға тек денсаулық тілеймін»,-деп жылы лебізін жеткізді.

 

Мейрамбек СЫДЫҚОВ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале