14.04.2021, 16:42
Оқылды: 71

Бөрлі ауданының әкімі вакцина салдырды

Бөрлі ауданының әкімі Миржан Сатканов коронавирусқа қарсы екпе салдырды.

 бор1

«Алдымен денсаулығымды тексертіп алдым. Дене қызуым, қан қысымым барлығы қалыпты жағдайда болып, рұқсат етілді. Қазіргі жағдайым жақсы. «Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын ізде» деген. Қазіргі таңда коронавирустан сақтанудың бірден-бір жолы – осы екпе болып тұр. Өзімді, отбасымды, айналамдағы адамдарды сақтаудың, қорғаудың жолы осы болғандықтан азаматтық міндетімді орындадым», - дейді аудан басшысы.

бор2

Аталмыш екпені аудан басшысымен бірге бір топ мемлекет қызметкерлері де алды.

Осыған қоса айта кетсек, аудандық аурухана директоры Шыңғыс Сәрсенғалиевтің айтуынша, емханада күніне 250 тұрғынға екпе салуға жағдай жасалған. Ауданда күні бүгінге дейін екпені барлығы 1165 адам алса, оның ішінде 178 медицина қызметкері, 159 педагог, 88 тәртіп сақшысы, ТЖҚ, т.б. қызметкерлер және 47 мемлекеттік қызметкер алып үлгерген.

Жалпы коронавирустық індетке байланысты «қызыл аймаққа» енген ауданымызда жағдай күрделі.

Аудандық бас саниталық дәрігердің қаулысымен 11-25 сәуір аралығында Бөрлі ауылдық округінде шектеу шаралары қатаңдатылып, санитарлық бекет қойылған болатын. Оған себеп, ауданда сәуірдің алғашқы он күндігінде анықталған 110-нан астам адамның 27-сі аталған ауылдан анықталған.

 

Сәнім Меңдібай,

Бөрлі ауданы

zhaikpress

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале