25.12.2021, 10:20
Оқылды: 86

Бөрлі жастарының "Жыл үздігі" анықталды

Елімізде жастар  білім алып, жан-жақты дамуда. Олардың шығармашылықпен, спортпен, кәсіпкерлікпен айналысып, халықтың игілігіне еңбек етуіне барлық жағдайлар жасалған. Бөрлілік жастар бүгінде жұдырықтай жұмылып, Елбасының сарабдал саясатын тиянақты жүзеге асыруда.

үздік

Бөрлі жастарының қай салада болмасын жеткен жетістіктері өте көп. Жыл соңында үздіктерді марапаттауды әдетке айналдырған өңірдегі жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұйымы бұл жолы да дәстүрден тайған жоқ. Жыл бойы кәсіби және қоғамдық жұмыста белсенділік танытып, өз еңбектерімен, шығармашылық белсенділігімен ғылым, өнер, спорт саласында жетістіктерге жетіп жүрген жастар «Жыл үздігі» аталымымен марапатталды. Кештің ерекшелігі, үздіктерге марапатты Бөрлі ауданы әкімі Миржан Сатқановпен қатар, тәуелсіздік құрдастары табыстады.

үздік2

Еңбегі еленіп, жыл үздігі атанған 11 жастың ісі көпке үлгі. Сондықтан олар  алдағы уақыта да үлкен істердің жанынан табылатындарына сендірді.

ee7f954e-2853-44dc-aab4-cf3cf919eb64

«Әр қазақ менің жалғызым» деген ұранмен  маңғыстаулық бауырларға көмегін аянып қалмаған 8 бөрлілік жасқа да аудан әкімі Миржан Сатқанов алғысхат табыс етті.

Айым Нұрғалиева,

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале