16.09.2020, 15:35
Оқылды: 999

Бөрліде "DEHTAPT+" тіс емханасы ашылды

Бөрліде ауданның 85 жылдық мерейтойы қарсаңында көптеген игі бастамалар жүзеге асып, тұрғындарға қуаныш сыйлауда. Соның бірі – екі қабатты "DEHTAPT+" тіс емханасының ашылуы.

Borli tis (1)

Аудан әкімі Миржан Сатқанов емхананың ашылу салтанатында тұрғындар арасынан табылып, қуанышты бірге бөлісті. Жоғары сапалы, заманауи технологиялық құралдармен жабдықталған аталмыш емхананы ауданға белгілі Елеусіновтер отбасы ашты. Бұл отбасы 13 жылдан бері стоматология саласында табандылықпен еңбек етіп келеді.

Borli tis (2)

«Емханада біліктілігі жоғары дәрігерлер қызмет көрсетеді. Емханада, сондай-ақ терапевттер, ортопедтер, хирургтер, емдеу және аурулардың алдын алу бойынша дәрігерлік кеңестер беріледі. Ем алуға келген әрбір науқасқа орталығымызда жеке-дара сапалы қызмет көрсетілетін болады. Сонымен қатар біздің кішкентай емделушілеріміз – балаларға арналған бөлме де бар. Балаларға арналған бөлмелер олардың сүйікті мультфильмдеріндегі кейіпкерлердің суретімен безендірілген. Барынша халық игілігіне қызмет етуге дайынбыз»,- дейді емхана иесі Арман Елеусінов.

Borli tis (3)

Borli tis (4)

Borli tis (5)

Сәнім Меңдібай,

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале