9.04.2021, 8:45
Оқылды: 297

Бөрлілік балақайға «Хабар» келді

Бөрлі аудандық «Бөрлі жаршысы-Бурлинские вести» газетінің биылғы №6 санында газет тілшісі С.Меңдібайдың «Тоғыз жасар талант» деген тақырыппен әлем елдерін картадан көрсетіп, олардың астанасын, тілін т.б деректерін мүдірмей айтатын балақай Шерхан Кенжеғали туралы мақаласы жарық көрген болатын. Шерхан сонда болашақта әлем елдеріне жаңалық таратушы тілші болсам деген арманымен бірге «Хабар» арнасының микрофонын ұстап, сұқбат бергісі келетінін жеткізген.

D017E077-B5AF-4C13-8C41-505C964A15DCМақала жарық көрісімен аудандық әкімшілік те қолдау білдіріп, көп кешікпей ауданға Шерхан үшін арнайы «Хабар» арнасы келді.

Қуанышы қойнына сыймаған Шерхан бұл жолы өз ойын, алға қойған арман-тілегін өзі қолына ұстап сөйлегісі келген «Хабар» арнасының микрафонымен жеткізді.

18A97DB2-A05F-4A02-87FD-595A66B73E7B

Әлем елдері туралы жаңалықтарды асыға жеткізген Шерханның әр сөзінен «Хабар» арнасынан жаңалықтар топтамасын жібермей қарайтындығы анық көрініп тұрды. Өзі де микрафонды қолына алып: «Арнайы Шымкенттен сөйлеп тұрмын» деген Шерхан балақай езу тартқызбай қоймады. Әлем елдерін картадан түгел танитын ол, алдымен, өз еліміздің барлық жерлерін көріп, танып, содан соң шетелге сапарламақ ниетте.  Шымкенттен арнайы сөйлеуінің өзі де шырайлы өлкеге барғысы келетінін аңғартса керек.

EBACC8C6-ADF1-476E-B1C5-4CC63A4A344E

 «Балаларды бөліп жармайсың, дегенмен қатарынан озық туған осындай балаларды көргенде тасада қалмауына сеп болып, танылғанын, елдің білгенін қалайсың. Ерекше балалар қалай десек те біздің мақтанышымыз» деген газет ұжымы да балақайдың кішкентай арманының орындалуына себеп болғандарына қуанышты.

Сәнім Меңдібай

Бөрлі ауданы

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале