12.12.2021, 22:01
Оқылды: 105

Бөрлілік Мәлік әлем чемпионы атанды

Бүгін Түркия елі, Стамбул қаласында паратаэквондодан IX әлем чемпионаты өтті.

8C7A943E-A0A9-4C7D-9647-03976F04E865

Осы аталған әлемдік додада батысқазақстандық спортшы, жерлесіміз Мәлік Мұқашев 80 кг салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атанды.

Алғашқы жартылай финалда түрік азаматымен болған жекпе-жекті жеңісті аяқтаған Мәлік финалға жолдама алып, ондағы қарсыласы Ресей елінің спортшысына дес бермей, әлем чемпионы тұғырына көтерілді.

6922B552-E011-4E1B-BE38-2CA051AF1A17

Айта кетейік, Түркия таэквондо федерациясының ресми мәліметінше, екі күнге созылған чемпионатқа 40-тан астам елден 250-ге жуық спортшы қатысқан. Бұл спорттық шара 2024 жылы Парижде өтетін Паралимпиада ойындарына жол ашады.

«Бұл жеңісімді елімнің Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арнаймын. Ел барда біз бармыз. Қазақ елім мәңгі жасасын!, » - дейді Әлем чемпионы толқулы үнмен.

2E131175-71A6-4A99-B254-71E6AE5D58CD

Еліміздің көк байрағын әлемдік деңгейде биік тұғырға көтере отырып, гимнін асқақтата орындатқан әлем чемпионы мен оның жаттықтырушысы Ербол Мергалиевті барша жерлестердің атынан құттықтаймыз!

Сәнім Меңдібай,

Бөрлі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале