26.03.2021, 19:24
Оқылды: 75

Бөрлілік Наргиз - «Елбасы медалінің» иегері

Бөрлі ауданының әкімі  Миржан Сатқанов «Елбасы медалінің» қола жүлдегерін марапаттады. 14 пен 29 жас аралығындағы жастарға арналған бұл жоба - жастарды кешенді дамытуға бағытталған ұлттық деңгейдегі бағдарлама.

E91BB8C0-A4A6-4621-8F7F-C46122A0567B

Осы жоба аясында 6 ай бойы «Кітап оқу», «Ұлттық мұра», «Дарын мен дағды», «Волонтерлік іс», «Спорт» деген бес бағыт бойынша жұмыстанып, керемет нәтиже көрсеткен Бумакөл мектеп-бөбекжай-балабақша кешенінің 11-сынып оқушысы, үздік аттестатқа үміткер Наргиз Қайырбекова «Елбасы медалі» жобасының қола медалімен және төсбелгісімен марапатталды.

-Сіздей өз-өзін жан-жақты дамытатын өрендер болашақтың тұтқасын берік ұстайтын болады. Білім қашан да адамды жоғарыға көтереді. Алдағы уақытта та тек биіктерден көріне бер, - деп аудан әкімі жылы лебізін жеткізді.

 Сәнім Меңдібай,

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале