5.04.2021, 9:21
Оқылды: 177

Бөрлілік спорт жанашыры чемпионға құрмет көрсетті

Ақсай қаласындағы грек-рим залында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай грек-рим күресінен 2010-2011 жылы, 2012 жылы туған және одан кіші жасөспірімдер арасында аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің қолдауымен Бөрлі ауданының БЖСМ-нің оқу жаттығу жиыны өтті.

чем 1

Жарыс алдында сөй сөйлеген Бөрлі ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Есенаман Стамғазиев жақында ғана грек-рим күресінен ҚР чемпионатында топ жарған чемпион Исмағұл Жарманды жеңісімен құттықтап, жарысқа қатысушы спортшыларға сәттілік тіледі.

Бөрлі ауданының грек-рим және еркін күрес федерациясының президенті, спорт жанашыры, ел азаматы Орынбасар Кушев сөз алып, биіктікті бағындырған Исмағұл Жарманға федерация атынан 500 000 теңге ақшалай сыйлық табыстады.

Сонымен қатар Жарманның алғашқы жаттықтырушысы Нұрлыбек Сисеновке алғыс білдіріп, ат мінгізді.

чем 2

- Біздің жігіттер қай жағынан болсын мықтылықтарын дәлелдеп келеді. Басында грек-рим күресі бөлімін ашып жаттығу бастаған уақытта мықты шәкірттер шығатынына күмән болмаған. Бірақ бәрі уақыттың еншісінде екенін білгенбіз. Міне, біз күткен жеңісті күн де келді. Біздің Жарман жарап тұр. Жеңісті жолды жас спортшылар жалғай берсін. Алдағы уақытта тек байрақты бәсекелерде топ жара бер! - деді өз сөзінде Орынбасар Сағынбасұлы.

чем 0

Шара оқу-жаттығу жиынымен жалғасты. Жарысқа Шыңғырлау ауданы БЖСМ, Бөрлі ауданының БЖСМ. Пугачев ауылдық округі, Бөрлі ауданының БЖСМ, Ақсай қаласы командаларының спортшылары қатысты. Нәтижеге сәйкес әр түрлі салмақ дәрежесінде Руслан Тамерлан, Кереев Дамир, Байгуттиев Мержан, Хамидулла Алихан, Есет Арсен, Кеңес Абылхайыр, Габдувалеев Алибек, Шахидов Тамирлан Ержан Куат, Бақтығали Санжар есімді спортшылар үздік атанды.

Ақсайлық Жақсылық Ерасыл «Ең жас спортшы», Руслан Тамерлан «Үздік әдіс көрсеткені үшін» және шыңғырлаулық Марат Мансур «Жеңіске деген жігерлігі үшін» аталымдарын еншіледі.

 

Мейрамбек Сыдықов,

Бөрлі ауданы

zhaikpress

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале