28.10.2021, 12:27
Оқылды: 95

Бөрліліктер ұлттық ойынды ұлықтады

Бөрлі аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен Бөрлі ауылында «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Бөрлі №1 ЖОББ мектебі және Бөрлі ЖОББ мектептерінің ұстаздары мен 4-5 сынып оқушылары үшін ләңгі, асық ату, бес асық ойын түрлерінен шеберлік сағаты ұйымдастырылды.

20

Шараның негізгі мақсаты - ұлттық ойын түрлерін жандандырып, оқушылардың ұлттық ойынға деген қызығушылығын қалыптастыру.

Аталмыш шарада Бөрлі спорт кешенінің меңгерушісі Ержан Өтеғалиев,  спорт ардагері Рима Сайлаубай, Бөрлі №1 ЖОББ мектебінің ұстазы Нұркен Ерланұлы жетекшілік етті.

17

«Осы уақытқа дейін аталған бағдарлама шеңберінде қалалық мектептер арасында атқа міну мәдениеті туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілген болатын. Баршаға мәлім болғандай әлем бойынша таралған індет салдарынан шаралар тоқтатылған еді. Қазіргі уақытта қауіпті індеттің таралуы бәсеңдеп, еліміздегі ахуал тұрақталған сәтте шараларды өткізу кері қолға алынып, жалғасын тауып жатыр. Мұндай шаралар алдағы уақытта да жалғасын тауып, қала мектептерінде жүзеге асырылатын болады»,-дейді Бөрлі спорт кешенінің меңгерушісі Ержан Спортұлы.

19

Шеберлік сағатында ер балалар жағы асық ату мен ләңгі тебудің қыр-сырын үйренуге асықса, қыздарымыз бес асықты ойнау әдіс-тәсілдерімен таныс болды.  Оқушылар арасында ойын түрлерімен танысып үлгергендер де, енді танысып жатқандары да бар. Білгендері тереңірек танысамын деп талпынып, бар ынта-ықыласын салды. Байқағанымыз ұл-қыздарымыздың ұлттық спортқа деген қызығушылықтары жоғары.

Сәнім Меңдібай,

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале