5.04.2022, 14:46
Оқылды: 123

Бөрліліктерге көмек беріледі

Ауа райының күрт жылынуына байланысты Ақсай қаласы Қызылтал ауылының оңтүстік жағынан мол мөлшерде еріген қар суы келіп, Қызылтал ауылының 12 үйіне су кіргені белгілі. Осыған орай Бөрлі ауданының әкімі Миржан Сатқанов су басқан баспаналарға барып, тұрғындармен кездесті.

46

Аудан басшысымен бірге аудандық мәслихат хатшысы Қайрат Ермекбаев, депутаттар Лесбай Елеусинов, Серік Дүйсенов және Ақсай қаласының әкімі Арсен Баяндыков барып, қарғын судан зардап шеккендермен тілдесті. Баспана ішін аралап көрген басшылар арнайы құрылған комиссияның шешімімен әр үйге көмек көрсетілетінін айтты.

45

Айым Нұрғалиева,

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале