5.06.2022, 12:52
Оқылды: 49

Бостандық ауылының 90 жастағы тұрғыны дауыс берді

Республикалық референдумның маңызын ұғып, түсіністік танытып жатқан ауыл тұрғындарының белсенділігі жоғары. Казталов ауданы Бостандық ауылында тыл ардагері 90 жастағы Мағрипа Ахметжанова әжеміз өз таңдауын жасап, өзгерістерге дауыс берді.

5

- Халқымыз талай нәубетті бастан өткерді. Талай қиыншылық заман артта қалды. Қазіргі таңда біз бейбітшілік орнаған, қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заманда өмір сүріп жатырмыз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болып, болашағымыз жарқын болсын. Халқымыздың бірлігі артып, бейбітшілігіміз мәңгілік болғай, - деген Мағрипа әжеміз өзінің ақ батасын берді.

Асылбек Нәсіпқали,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале