9.01.2023, 12:45
Оқылды: 36

Бостандықта бокстасты

Жуырда Казталов ауданының Бостандық ауылында аталмыш ауылдың әкімі жүлдесіне 2009-2010, 2011-2012, 2013-2014 жылы туған жасөспірімдер арасында бокстан аудандық біріншілік өтті.

4e0bc438-0987-439a-9612-5610fef56f75

Аталмыш жарыста Жәнібек ауданы атынан қатысқан жасөспірімдер жүлделі орындарға ие болды. Дәлірек айтсақ, 42 келі салмақ дәрежесінде Эльдар Сағынғали II, 34 келіде Айбар Жайсанғали II, 32 келі салмақта Диас Бекболат II, Аңсар Асқаров пен Әлихан Наушабаев III, 28 келі салмақ дәрежесінде Мерейхан Қамит III орындарды алды.

af9be494-92ce-4e97-b4be-8fdc3d88bf9a

Жас спортшыларды бапкер, спорт шеберлігіне үміткер Нұрбек Орынбаев дайындады.

Гүлзара Мәди,
Жәнібек адуаны

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале