8.02.2022, 18:10
Оқылды: 51

Бұқара мен билік жүздесті

Жуырда Жаңақала ауданы және ауылдық округ әкімдерінің ауыл тұрғындарымен кездесуі Жаңажол ауылында жалғасты. Жиынға аудан әкімі Дархан Закарин, аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Айдар Қаресов, аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Ержан Макишов, аудандық жер қатынастар бөлімінің басшысы Есен Бекболатов, аудандық ветеринарлық станциясының басшысы Марат Досмағамбетов, аудандық электр торабының басшысы Бауыржан Биғалиев және ауылдық округтегі тұрғындар қатысты. 

IMG-20220208-WA0006

Алдымен Жаңажол ауылдық округінің әкімі Айбек Ишанов 2021 жылы ауыл шаруашылығы, мал азығы, ветеринарлық іс-шаралар, абаттандыру, қылмыстың алдын алу, кәсіпкерлік, медицина, білім, жұмыспен қамту және әлеуметтік салалары бойынша атқарылған жұмыстарды баяндады. Оның берген мәліметіне сүйенсек, Жаңажол ауылдық округінің жер көлемі 329307 гектар, соның ішінде 234881 га жайылым, 2466 га шабындық, ал қалғаны елді мекен жерлері. Округтегі негізгі сала – мал шаруашылығы, яғни тұрғындардың негізгі табыс көзі – төрт түлік мал. Жалпы, халық саны – 1459. Округ бойынша 301 аулада 449 отбасы мекендейді. Жаңажол ауылдық округінде мәдениет үйі, клуб, Айдархан ЖОББМ, Абай атындағы ЖОББМ, бастауыш мектеп, мектепке дейінгі толық күнді 25 орындық балабақша, фельдшерлік акушерлік бекет, 2 дәрігерлік бекет, «Қазпошта» бөлімшесі, Ветеринариялық пункт бөлімшесі, су беру жүйесі,Телерадио хабар тарату матчы, «Kcell», «Теле 2» және «Beelinе» ұялы байланыcтары жүйелі түрде жұмыс жасап тұр.

IMG-20220208-WA0005

- Аудан, ауыл әкімдерінің 2021 жылғы халық алдындағы есеп беру кездесуінде түскен ұсыныс-пікірлер орындалды. Нақтырақ айтсақ, Кіші Айдархан елді мекеніне мал азығымен қамтамасыз ету мәселесін шешу: 2021 жылдың ақпан айының 18-19 күндері  Кіші Айдархан ауылының мал азығы таусылған тұрғындарына 52 руллон 7 мың теңгеден тасылып, жеткізілді. Жаз айында мал азығын дайындау бойынша үнемі біздің бақылауымызда болды. Желтоқсан айында да Кіші Айдархан елді мекенінен 1 аула арзандатылған бағамен 13 бума шөппен қамтылды. 1 руллонның бағасы 4500 теңгеге сатылды. Бұл мәселе 2020-2021 жылдың қыстақ өткізу кезінде көтерілді, қыс уақытында барынша тұрғындарға мал азығы жеткізілді. Кіші Айдархан елді мекенінің кейбір үйлерден көгілдір отынның (газ) иісі шығуына байланысты осы мәселенің шешілуін қолға алу: «ҚазТрансГазАймақ» ЖШС-нің Жаңақала аудандық өндірістік газ шаруашылығы мекемесіне хабарланып, ақпан айында орындалды. Жаңажол ауылындағы ұялы байланысты ретке келтіру: Бұл туралы «Kcell» ұялы байланыс операторына хабарланып, жоғары тұрған аудандық мекемелер арқылы,  өз тарапымызданда хат жазылып жолданып, қосымша «Теле 2» ұялы байланысы орнатылып, «Beelinе» ұялы байланысың қызметі жақсарды. Жаңажол ауылының кірме жолдарына қатқыл табанды жол төсеу: Бұл туралы Жаңақала аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне хабарланды. 2021 жылдың сәуір айында орындаушы «Жаңа-жол» ЖШС-гі Жаңажол-Маштексай аралығындағы кірме жолын тегістеу жұмыстарын жүргізді. Содан кейін жаздай жол қыру, тегістеу жұмыстары жүргізілген жоқ. Жаңажол-Мәстексай аралығындағы жолды қазіргі уақытта орындаушы мердігер Саламат Сертеков тек қараша айының аяғына таман 1 рет тегістелді. Жұмыс сапасы төмен, нашар орындаған, сын көтермейді, - деген Жаңажол ауылдық округінің әкімі Айбек Миразатұлы одан әрі биыл атқарылатын жұмыстарға тоқталды.

IMG-20220208-WA0004

Ауылдық округ әкімінің баяндамасынан соң аудан басшысы Дархан Әмірханұлы сөз алды.

Жаннұр Берікқызы, 

Жаңақала ауданы 

zhaikpress.kz 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале