5.01.2020, 17:23
Оқылды: 60

Бұлдыртыда жаңа дүкен ашылды

Сырым ауданының Бұлдырты ауылдық округінде жаңа дүкен ашылды.  

syrym (1)

Дүкен иелері Жақсылық Дарғалиев пен  Гүлшат Қуанышқалиева біраз жылдан бері саудамен айналысып келеді. Ерлі-зайыпты жомарт жандар тұрмысы төмен отбасыларға қаржылай да көмек көрсетіп тұрады. Әсіресе, рамазан айында, "Мектепке жол" акциясы аясында әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар мен балаларға айырықша қамқорлық көрсетіп, мол сауапқа кенеліп жүр.

Ал күні кеше өз үйлерінің ауласынан жаңа дүкен салып, оның ашылу рәсімін өткізді. Қуанышқа ортақтасуға аудандық мәслихат хатшысы Шынар Дүйсенғалиева өзгелерге үлгі болып, жақсы істердің бастамашысы болып жүрген жомарт жандарға жүрекжарды лебізін білдірді. Әрі еңбекқор жандар "Кәсіпкерлік" бағдарламасы аясында несие алып, дүкен жанынан наубайхана да ашпақ ниетте екендіктерін жеткізді. Айтпақшы, бұл "Кердері" дүкенінің ашылу салтанатында алты отбасыға тегін азық-түлік беріліп, лоторея да ойнатылды.

Айжан Амангелдина

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagr am-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале