4.02.2020, 18:12
Оқылды: 177

Былтыр 635 жаңақалалық жеке кәсіпке қатысты кеңес алған

БҚО кәсіпкерлер палатасы Жаңақала аудандық филиалының директоры Гариб Асханбаев кәсіпкерлер алдында өткен жылғы атқарылған жұмыстар жөнінде есеп берді.

janaqala (2)

Жиынға Батыс Қазақстан облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Бақдәулет Ибраимов және аудан кәсіпкерлері, тұрғындар мен жастар қатысты.

-2019 жылы кәсіпкерлерді қолдау орталығы арқылы 635 аудан тұрғынына кеңес берілді. Бұдан бөлек жеке кәсібін ашып, бизнес жүргізу үшін 24 кәсіпкерге, электронды түрде қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат алуға 7 кәсіпкерге, электрондық шот-фактуралар сайтына 6 кәсіпкерге, электронды түрде субсидияларға өтінім беруге 12 кәсіпкерге көмек көрсетілді,-деп бастады сөзін филиал директоры Гариб Құсайынұлы.-Жыл басынан бері ауданымызда нәтижелі жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының екінші бағыты аясында «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша 217 адам кәсіпкерлік негіздерін оқып шықса, «Жас кәсіпкер» бағдарламасын 50 жас аяқтап, арнайы сертификат алды.Ал ауыл шаруашылығы қаржылай қолдау қорынан 76 кәсіпкер 316,4 млн. теңге, аграрлық кредиттік корпорациясы арқылы 34 кәсіпкер 149,8 млн. теңге, «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасымен 6 кәсіпкер 115,0 млн. теңге несие алды. Бұл несиелер негізінен малдануға, малдарын асыл тұқымға айналдыруға, техника мен жабдықтар алуға, сондай-ақ, өз кәсіптерін кеңейтуге  жұмсалды.

janaqala (1)

Жалпы аудан бойынша  2019 жылы 116 кәсіпкер 581,2 млн. теңге несие алып, өз кәсіптерін өркендетуді қолға алса, ашылған жұмыс орындарының саны 173 көрінеді.

Өз кезегінде БҚО кәсіпкерлер палатасының директоры Бақдәулет Талғатұлы кәсіпкерлерге тың ақпараттар беріп, кейбір сұрақтарға  толымды  жауап та қайтарды.

Ақсұңқар Сәдір

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале