15.04.2021, 14:38
Оқылды: 44

Бюро отырысында үш мәселе қаралды

Бүгін «Nur Otan» партиясы Қаратөбе аудандық филиалында Саяси кеңес Бюросының отырысы өтті.

C3F54952-DCF9-4E06-9769-10915CD4419C

Бюро мүшесі Нұрлан Оразовтың төрағалығымен өткен отырыста бастауыш партия ұйымдарының есептік-сайлау жиналыстарын өткізу кестесін, аудандық филальдың есептік сайлау конференциясын өткізу кестесін және партияның сайлауады бағдарламасының бағыттары бойынша қоғамдық кеңестердің төрағалары мен құрамдарын бекіту туралы мәселелер қаралды.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша бастауыш партия ұйымдарының есептік - сайлау  жиналыстарын 19-23 сәуір аралығында  өткізуге, екінші мәселе бойынша филиальдың есептік-сайлау конференциясын 28 сәуірге өткізуге шешім қабылданды. Бюроның күн тәртібіндегі үшінші мәселеге сай партияның сайлауалды бағдарламасының бағыттары бойынша қоғамдық кеңестердің төрағалары мен құрамдары талқыланып, бекітілді.                                                                                    

Ерболат Райсов,

                         Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале