14.05.2025, 10:30
Оқылды: 176

«Creative teacher - 2025»

Жақында Ақсай қаласының №4 ЖОББМ-де мектепішілік «Creative teacher - 2025»  кәсіби байқауы өтті. Аталған байқау «IQ TEAM» жобасы аясында ұйымдастырылған.

мамандар жарысы (1)

«Creative teacher - 2025»  байқауы жас ұстаздарды біліктілікке, өз кәсібін  жетік меңгеруге, іскерлікке, жауапкершілікке  баулып, педагогикалық тәжірибе жинақтап, жалпы білім беретін мектептерде қызмет атқаратын жас мамандардың мәртебесін көтеріп, ынталандыру мақсатында оздырылған жарыс. Аталған жарысқа 3 жылға дейінгі еңбек өтілі бар жас мамандар мен 3 жылдан артық еңбек өтілі бар мамандар қатысты.

Байқау ІІ кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде жас мамандар «Үздік сабақтар байқауы» мен «Үздік эссе» арқылы жарысты. Ал ІІ кезеңде қатысушылар «Ұстаз болу... Менің ұстаздық жолға келуім» тақырыбында өзін-өзі таныстыру, «Жаңа ізденіс - жаңа мүмкіндік» атты әдістемелік қоржыннан инновациялық жоба, «Білім кілті - ізденісте» сұрақ-жауап және «Өнердің өрі - таланттың төрі» атты кезеңдер бойынша кім мықтыны анықтады.

Байқауға әділ бағасын берген әділ-қазылар алқасының құрамында ардагер ұстаздар Сапия Карағойшиева, Күлсипат Измағамбетова, Күнімай Абекенова, Татьяна Просвирова, кәсіподақ төрағасы Лиза Кәкімғалиевалар болды.

мамандар жарысы (2)

Байқау қорытындысы бойынша 3 жыл еңбек өтілі бар жас мамандар арасында І орынға қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ақнұр Серік ие болды. Ал ІІ орын шет тілі пәні мұғалімі Ақбота Ақшалова мен музыка пәні мұғалімі Ғасырхан Жаналыға бұйырды. Химия пәні мұғалімі Айгерім Чукурова мен дене шынықтыру пәні мұғалімі Сәуле Мырзағалиева ІІІ орынмен марапатталды. Сонымен қатар бастауыш сынып мұғалімі Анастасия Фадеева «Инновациялық идея авторы» аталымына ие болды. 3 жылдан артық еңбек өтілі бар мамандар арасында педагог-психолог Аида Лепесова І орын, дене шынықтыру пәні мұғалімі Аслан Садықов «Жаңашыл ұстаз», математика пәні мұғалімі Айдана Бақтыгереева «» аталымдарымен марапатталды. Аталмыш шарада жеңімпаздар мен жүлдегерлерге мектеп директоры атынан диплом табысталып, кәсіподақ атынан бағалы сыйлықтар табысталды.

Айдана Абдрахманова,

Бөрлі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале