23.05.2024, 9:30
Оқылды: 0

Cырым ауданында тасқыннан зардап шеккендердің тізімі жарияланды

Сырым ауданындағы төтенше жағдайдан кейінгі тірліктің қалыпты нүктесіне қарай қозғалып келе жатыр.

сырым жп су дом (4)

Айта кетейік, наурыз айының 27 күнгі тасқында Сырым ауданы бойынша 253 үйді су басқаны анықталды.

- Оның 114-і (Жымпиты ауылында 49 үй, Өлеңті ауылында 39 үй, Бұлдырты ауылында 25 үй, Көздіғара ауылында 1 үй) тұруға жарамсыз деп танылды. Олар жаңадан салынып жатыр. Құрылыс басталды. Ал 139 үйге күрделі жөндеу жүргізіледі.

Құрылысты 8 мердігер мекеме атқарады, - дейді Сырым ауданы әкімінің орынбасары, жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай салдарынан зардап шеккендерге келтірілген зиянды өтеу бойынша комиссияның төрағасы Қайрат Төлепов.

Үйі тұруға жарамсыз деп танылған 114 баспананың иелерінің тізімі Сырым ауданы әкімдігінің Facebook әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында және ресми сайтында жарияланды.

 

Бауыржан Ширмединұлы,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале