18.08.2021, 11:24
Оқылды: 69

«Даңқ» аллеясы абаттандырылды

Жуырда Тасқала ауданы Амангелді ауылдық округінің орталық көшесінде орналасқан «Даңқ» аллеясы абаттандырылып, пайдалануға берілді.

ал1

Мұндағы орнатылған жарықшамдар, орындықтар, төселген өрнектастар қараған көзге тып-тиянақты жасалғаны көрініп-ақ тұр. Шараның ашылу салтанатына ауылдық округ әкімі Саягүл Галиева және ауыл тұрғындары қатысты.

Шарада алғаш құттықтау сөз алған ауылдық округ әкімі Саягүл Мәулетқызы

«Ең алдымен баршаңызды келе жатырған Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығымен құттықтаймын.

Биыл ауылымызда көптеген жұмыстар атқарылып жатыр. Көше жарығы бар, абаттандырумыз бар. Міне, «Даңқ» аллеясында демалатын орын пайда болып отыр. Алдағы уақытта да ауылымызды дамытуда көптеген жоспар бар. Ауылдастардан сұрайтынымыз осы жасалып жатқан жұмыстарды таза да, ұқыпты етіп ұстайық. Жыл сайын бізге қаражат бөлінбейді. Сондықтан ата-ана, ұстаздар балаларымызды бүлдірмеуге, шашпауға шақырайық.

ал2

Сондай-ақ балаларға сыйлықтар, тәттілер алуға демеуші болған барлық шаруа қожалық басшыларына, жеке кәсіпкерлерге алғыс білдіреміз. Ауылымыз көркейе берсін!», - деп барша ауыл тұрғындарын құттықтады.

Содан кейін сөз алған ауыл ақсақалы Талап Даужанов өз тілегін білдірді.

– Бұл іс әрине, өте жақсы нәрсе. Мына ауылымыздың іші көркейіп, «Даңқ» аллеясына жақсы жұмыстар жасалып жатқанына қуаныштымыз.

Әрине, қазір ауылдың сәнін алып тұр. Осыған бәрімізде ризамыз. Жақсы демалатын орын болмақ. Саягүл Мәулетқызының ұжымына рақмет. Осы

игі істер ауылымызда көп болуына тілектеспіз. Бүгінгі күн ауылымыз үшін мереке болып тұр. Ауылымыз көркейе берсін, басымыз аман болып, деніміз сау болсын! - деді Талап Әдиетұлы.

Шара барысында лента қиылып, балаларға серпін беріп, жақсы көңіл күй сыйлау мақсатында ашық алаңда іс-шара ұйымдастырылды.

Айта кетейік, бұл шара Қазақстан Республикасының 30 жылдығы қарсаңында ұйымдастырылды.

Амангелді ауылының «Даңқ» аллеясын абаттандыруға қаржы сұралып, жергілікті бюджеттен қаржы бөлініп, биыл жұмыстар атқарылған болатын.

Жұмыстарды Орал қаласының «Нұрай» жеке кәсіпкерлігі жүргізіп, уақтылы тапсырды.

 

Болат Бек,

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале