20.04.2020, 18:04
Оқылды: 66

Дариян кітапханасының оқырмандары қашықтан кітап оқуға белсене атсалысуда

 Бәйтерек ауданы Дариян ауылының кітапхана қызметкерлері оқырмандарға қашықтан оқытудың бағыттары мен мүмкіндіктері жайында түсінік жұмыстарын жүргізді. 

83937032-7B3C-40B7-8691-F311EDE35FBF

- Қолжетімді кітаптардың қашықтан оқулары жайында WhatsApp желісі арқылы хабарламалар берілді. Оқырман үшін де, кітапханшылар үшін де жаңа тәжірибе болып еніп жатқан қашықтан кітап оқуға оқырмандарымыз белсене атсалысуда.

Кітап оқу – ғұмыр бойы жүретін үрдіске айналуы тиіс. Фейсбук, инстаграм желілері арқылы да қажетті кітаптарына тапсырыс беріп, барлық оқырмандар қамтылуда. Бүгінде әлеуметтік желілер арқылы байланысқа шығатын 218 оқырманымыз бар.

Кітап оқумен шектеліп қана қоймай, Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай «Әлемге танылған ұлы Абай» тақырыбында ұйымдастырылған челленджге де оқырмандарымыз белсене қатысты.

Оқырмандар тарапынан қойылған сауалдарға нақты жауаптар беріп отырамыз. Олар да елімізде болып жатқан төтенше жағдайға түсіністікпен қарайтындықтарын, кейбір ата-аналар бастауыш сыныпта оқитын балаларының кітап оқуларына ықпал ететіндіктерін және жауапкершілікпен қарайтындықтарын жеткізді, - дейді Дариян ауылдық кітапханасының меңгерушісі Шолпан Сұлтанғалиева.

    Гүлжан АЯЗБАЕВА,

Дариян ауылы

Бәйтерек ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале