11.02.2022, 10:40
Оқылды: 76

Дариян мәдениет үйінде қайырымдылық концерт өтті

Бәйтерек ауданы Дариян ауылдық мәдениет үйінің ұжымы мен ауданның жас өнерпаздары әріптесі, әнші Камшат Қондыкерованың ұлы, туа біткен ангиодисплазия ауруына шалдыққан Батыр атты кішкентай бес жасар ұлды қолдау мақсатында «Жылы жүрек, жомарт қол!» атты қайырымдылық концертін ұйымдастырды. 

InShot_20220211_103659165

Қайырымдылық концертіне Дариян ауылдық мәдениет үйінің әншілерінен  бөлек ауданға танымал Аягөз Бейсова, Дәурен Ерман, Мирас Мэлс, "Жұмыр қылыш" триосы, Дәулет Мақсот сынды өнерпаздар да қатысып, қайырымдылық көрсетті.

FB_IMG_1644552832738

Концертке келген көрермен әні ұл-қыздарды ыстық ықыласпен қабылдады. Кеш соңында сахна төріне Батыр бүлдіршінің анасы Камшат Қондыкерова шығып, қолдау бюілдірген барша әріптестеріне алғысын білдірді. Аталмыш концерттен түскен қаражат Батырдың анасына табысталып, ауыл әкімінің орынбасары Нұрлан Ажиев кәмшат әнші мен оның отбасы мүшелеріне қолдауын білдірді.

FB_IMG_1644552830420

Қайырымдылық – ізгіліктің көрінісі. Алдағы уақытта да мұндай игі шаралар жалғасын тауып, көмекке мұқтаж жандарға демеу болуға өнерпаздар қашан да дайын.

FB_IMG_1644552846045

Балым Ниетова,

Бәйтерек ауданы 

Дариян ауылдық мәдениет үйінің әдіскері 

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале