20.11.2022, 13:44
Оқылды: 38

Дауыс берушілерге ілтипат көрсетілді

Сырым ауданындағы  №290 сайлау учаскесі - мәдениет үйінің алдына «Мен өз таңдауымды жасадым» атты фотоаймақ қойылып, дауыс берушілер естелік суретке түсіп, бүгінгі күннің қызықты да, тарихи сәт екенін сезінді. 

9

Айта кетейік, суретке түскен жандар арасында «Сырым жастары» қоғамдық бірлестігі байқау ұйымдастыруда.

Таңдау жасап шыққандарға ҚР мемлекеттік туы бейнеленген отандық «Қазақстан» шоколады үлестірілді.

Бүгін 20 қараша — Сәбилер күні екені де назардан тыс қалмай, сайлауға ересектермен бірге келген сәбилерге де көңіл бөлінді.

Шынар Молданиязова,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале