3.09.2021, 15:03
Оқылды: 0

Денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігі арта түспек

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жыл сайын дәстүрге айналған халыққа Жолдауын биыл да жолдады. Соның ішінде елдегі қазіргі эпидемиологиялық ахуалға байланысты денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру мәселесіне де ерекше көңіл бөлді.

 Анар пикир000

Жолдауда екпе салдыру жөнінде: «Елімізде жаппай екпе салу жүріп жатқанымен, қоғамда оған қарсы адамдар әлі де көп. Олар өздері бас тартып қоймай, халықты кері үгіттеуде. Соның кесірінен қаншама жұртты адастыруда. Мұндай адамдар өзінің ғана емес,өзгенің өмірі үшін де жауап беретінін түсінуі тиіс», - деген Президент вакцинацияға қарсы шыққан адамдарды халықты арандатпауға шақырды.

Барлығымыз екпе алу шараларына бір кісідей атсалысып, өзіміздің, жақындарымыздың денсаулығына жауапкершілікпен қарасақ, індеттің бетін қайтаруға жасаған үлкен қадам болмақ.

«Адамзат көптеген індетті бастан өткерген. Алдағы уақытта әлемде коронавирустың жаңа штамдары пайда болуы мүмкін. Біз оның қашан болатынын күтіп, қарап отыра алмаймыз. Осындай жағдайда өмір сүріп, әрі қарай дамуға бейімделуіміз керек», - деген Мемлекет басшысы қазіргі таңда бустерлік вакцинаны сатып алу өте маңызды екенін атап өтті.

Қазақстан жаңа әлемде өзінің лайықты орынын алуға тиіс. Бұл Отанға деген шынайы сүйіспеншіліктің көрінісі деп санаймын. Жақсыға бірге ұмтылып, Президентіміздің әрбір бастамасын қолдауға шақырамын.

 

Анар Нұрмағанбетова,

Қаратөбе аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау

басқармасының жетекші маманы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале